Біз Конституция талаптарына сай жұмыс істейміз

1991 жылдың 6 желтоқсанында  Қазақстан прокуратурасының  негізі қаланған болатын.

Алысқа бармай-ақ өткен жылдан бергі кезеңге көз жүгіртейік. 2022 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Біз бұл заңды бекер тілге тиек етіп отырғанымыз жоқ. Себебі осы заңда жалпы прокуратураның мақсаты, қызметінің құқықтық негізі, прокуратура органдарын ұйымдастырудың және прокуратура қызметінің қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері және сондай-ақ жүйесі мен құзыреті ашық та, анық көрсетілген. Сондықтан ҚР Прокуратурасы, сондай-ақ біз де осы заң аясында қызмет етеміз.

Біз тілге тиек етіп отырған заңда ерекше атап өтер бір жай бар, ол-прокуратура саласына өте жауапты және құрметті міндеттің сеніп жүктелуі. Осы заң бойынша, прокуратура ҚР аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы жарлығын жүзеге асыру мақсатында ҚР Бас прокурорының сол жылғы 8 тамыздағы «Шымкент қаласының прокуратурасын құру және Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын атауын өзгерту туралы» бұйрығымен Шымкент қаласы прокуратурасының негізі қаланды. Оның құрамында Абай, Еңбекші, Әл-Фараби аудандық прокуратуралыры жұмысқа кірісті. Қалада біраз жылдардан бері жұмыс істеп, тәжірибе жинап, қалыптасқан үш аудандық прокуратура қатарына жаңадан Қаратау, Тұран аудандық прокуратуралары қосылды.

Шымкенттің, яғни Республикадағы үшінші мегаполистің прокуратурасы болып, жұмысты бастағанымызға 5 жыл толып отыр. Әр жылдың өз орны, өрнегі, көрсеткіштері бар.

Айталық, ағымдағы жылдың  өткен 11 айында  жалпы қылмыстық орын алу деңгейі 34 пайызғатөмендеді. Бұл орайда біз әсіресе ҚР Конституциясының 1-бабында атап көрсетілгендей, мемлекеттің ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірін, оның азаматтық құқытары мен бостандықтарын қорғауға жауапты екенімізді бір сәт естен шығармаймыз. Жалпы алғанда 57 азаматтың конституциялық  құқықтары  қорғалды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық істер және атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша, қадағалау мәселесі прокуратура ның күнделікті назарында болуы тиіс. Заңсыз жұмсалған миллиондаған мемлекет қаржысы мемлекетке қайтарылып, 645 миллион теңге алимент берешегі өндірілді.

Осындай мысалдар бір емес барлық қызметкердің күнделікті, тыңғылықты жұмысының нәтижесі.

Осыған орай,  барлық қызметкерлерді Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының құрылған күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, қызметтеріне жарқын жетістіктер мен үлкен абырой тілеймін!

Шымкент қаласының прокуроры 3 сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі

Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов