Білім саласындағы цифрландыру жетістіктері

Түркістанда жыл өткен сайын цифрландыру жүйесі жүйелі жүзеге асуда. Бағдарлама тиімділігі білім саласына да оң өзгеріс алып келді.Қазіргі таңда облыстағы 1385 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 150541 бала қамтылған. Бүгінгі таңда «мектепкедейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына 725(53%) МДББҰ қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама оқушылар мен ұстаздар өміріне тағы қандай өзгеріс алып келді? Білім саласындағы цифрландыру жетістіктерін назарларыңызға ұсынамыз.

Жалпы білім беретін мектептер.

Түркістан облысының барлық 902 мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі ендірілген. Жүйе Түркістан облысының барлық мектептеріне ендіріліп, 1754 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні жүйеге 69639 қолданушы тіркелген, 5874 мыңнан аса өтініш келіп түсті.

Облыс бойынша «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100% мектептер қосылған.

Мектепке оқушыларды электронды қабылдау бойынша:

Облысымзда 902 жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы 2018 жылдың шілде айынан бастап білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет mektep.sitcen.kz порталы арқылы автоматтандыру жүйесіне ендірілді. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарына қосылды. Бүгінгі күні жүйе арқылы 54751 электронды өтініш келіп түсіп, 53049 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданды.

«Күнделік» электронды жүйесі.

Облыста 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Күнделік» электронды журналдар және күнделіктердің бірегей ақпараттық жүйесі енгізілген. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірегей ақпараттық жүйеге 866 немесе 96% мектеп қосылған. Оқу жылының басында 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Компьютермен қамтамасыз ету.

Білім басқармасы тарапынан 561 млн. теңгеге 1700 BilimBook компьютер-планшет алынды және «Bilim Book» компьютер-планшет 235 мектепке таратылып мектептер оқу процесіне пайдалануда.

Қосымша жабдықтаулардың нәтижесінде (сатып алынатын ноутбуктар мен кабинет компьтерлері) 1 компьютерге келетін оқушы саны 11,3-тен 10,6-ға төмендеді. Бұл жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын тауып отырады.

Кең жолақты интернет.

Облысымыздың 775(86,1%) мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылған, оның 648-і (72%) 4Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықпен кеңжолақты интернетке қосылған. Бұл көрсеткішті 2019 жылға 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Wi-Fi нүктелермен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар бүгінгі таңда 735(81,4%) мектеп WI-FI нүктелерімен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті 2019 жылға 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар 2018 жылдың соңында Oqylyq.kz платформасы іске қосылды. Аталған платформаның тиімділігі:

  • Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын артыру.

Цифрлық кітапхананың қалыптасуы.

  • Жұмыстың тиімділігін арттыру.
  • Оқу семинарларын дайындаудағы шығынды азайту.
  • Тез әрі жылдам интерактивті курстарды ұйымдастыру.
Осы аталған жүйелердің тиімділік көрсеткіштері: Сыбайлас жемқорлық тәуекелділік кауіптілігінің 18 түрі жойылады; Сабақтан негізсіз қалуының деңгейінің төмендеуі — 18%; Оқушылардың білім деңгейінің өсуі —12%; Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз-шағымдардың азаюы-50%; — Педагогтардың сапалық құрамының өсуі — 15%; — Құжат айнылымның төмендеуі — 60%;

Ntime.kz