Бір тәулікте 54 адам коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 жағдай тіркелді. Оның ішінде 47-сі дерттің симптомсыз түріне шалдыққан. Вирус жұқтырған 33 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 21 адам үй бақылауына алынды.Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 283 орын бар, төсек орын толымдығы 32%-ды құрайды, 867 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 416 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 219 төсек орын бар, 67 науқас ем қабылдауда.Бір тәулік ішінде қалада 4585 адам вакцина алды (I компонент-1070, II компонент-3515). Егу науқаны басталғалы барлығы 530 819 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 434 467 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі