Бұқаралық ақпарат құралдарында әділет органдарының қызметі туралы үздік жарияланым жасаған конкурс жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысының Әділет департаментінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жобасы аясында ұйымдастырылған БАҚ-та әділет органдарының қызметі туралы үздік жарияланым конкурсының жеңімпаздарын Департамент басшысы Мұхит Тұрғараев марапаттады.Салтанатты іс-шараның рәсімінде сөз алған Мұхит Бекетұлы барша жиналғандарды ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, БАҚ-тың мемлекет дамуында­ғы рөліне қысқаша тоқталып өт­ті. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Осы орайда еліміздің дамуына Бұқаралық ақпарат құрал­да­рының да қосқан үлесі ерек. Халыққа қыз­мет – кәсіби ақпаратты дер ке­зін­де жеткізу, мемлекеттік сая­сат­­ты жеткізу. Әрқайсыңыз­дың арт­тарыңызда тұтас ұжым тұр. Сіз­дер арқылы сол ұжымда­­ры­ңыз­ды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», деді М. Тұрғараев.Аталған бәйгеде жүзден жүйрік деп танылған “Ontustic Qazaqstan” газетінің тілшісі Даулет Тұрсынұлына, “Q-content.kz” ақпараттық порталының редакторы Асылбек Түйетаевқа және әділет органдары саласының дамуына ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген “Уақыт талабы” газетінің бас редакторы Жібек Жайлыбаеваға ынталандыру сыйлықтары табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістан облысының Әділет департаменті