Газдандыру мәселелері прокуратураның назарында

Түркістан қаласының прокуратурасы қала аумағындағы өзекті мәселелердің бірі — газдандыру саласында заңдылықтың сақталуына тұрақты түрде қадағалау жүргізуде.

2020-2022жж. аралығында жүргізілген талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың сақталмауы, жергілікті атқарушы органдардың газды қауіпсіз тұтыну, мемлекеттік мүлікті қорғау және оны беру бойынша уақтылы шаралар қолданбау және газды монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамау фактілерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізбегені анықталды.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актілері негізінде 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылса, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы (бұдан әрі – Филиал) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен (табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді тиісінше орындамау) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 667 200 теңге айыппұл салынған.

​Сондай-ақ а.ж. прокуратураның ұсынуы негізінде Монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Филиалда тексеру жүргізіп, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша Филиал ӘҚБтК-нің 164-бабының 4,5-бөліктерімен (кіріс алуға әкеп соққан табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамау) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 19 425 337 теңге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, қала прокуратурасының бастамасымен газбен уланумен байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қала әкімдігі әлеуметтік осал топтар санатына жататын 499 отбасы тегін газосигнализаторлармен қамтамасыз етті.