Газ қондырғыларын дұрыс пайдаланыңыздар!

Шымкентте тілсіз жаудан зардап шеккендердің қатары жыл өткен са­йын көбейіп келеді. Газдан улану оқиғалардың дені газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындап отыр. Апатты жағдай мен қайғылы оқи­ғалар ең әуелі тұрмыстық салғырттық, сосын тұр­ғ­ындар­дың газбен жылыту қондыр­ғыларын заңсыз орнатып алуы себеп болып отыр. Қыс мезгілінде тұрғындар терезе-есіктерін қымтап ұстайды. Үйді жылыту үшін қосымша электр тоғын қо­са­ды. Оның көбісі газ арқылы ж­ұмыс іст­егеннен кейін улану процесі өр­шиді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері мен «ҚазТрансГаз» мекемесінің өкілдерімен бірге тұрғын үй мен тұрғын үй секторларында үгіт-насихат жұмыстары, қауіпсіздік шаралары туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алайда тұрғындар өз көздеріне көрінбейтін ақауды елемей, оның соңы газдан улану оқиғаларға ұласуда. Қала тұрғындарының басым бөлігі жеке секторда тұрады. Көптеген үй ор­талық жылу қазандықтарына қосыл­маған, жеке газ қондырғыларын пайда­ланып келеді. Дегенмен, шетел­ден енген құрылғылармен жүй­елі таныспаған немесе дұрыс қолдана алмаудың салдарынан улану оқиғалары тыйылмай тұр.

Осы ретте тұрғындарды сақ­тық­қа шақырып, газдың иісі шыққан жағ­дайда байланыс тетік­теріне хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ қандай да бір жөндеу жұмыстары үшін арнайы маманның көмегіне жүгінуге шақырамыз.

Шымкент қаласы №3 өрт сөндіру бөлім бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Тұрсынбеков Олжас Сайрамбекұлы