Геоақпараттық жүйе пайдаланылмаған жерлерді қашықтықтан анықтауға мүмкіндік береді

Қазіргі таңда инновациялық жаңа технологиялардың  қарқынды дамып келе жатқан кезеңі. Жаңа технологияларды пайдалану бүгінгі күннің талабы. Инновациялық технологиялардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында атқаратын қызметі орасан зор. Сондай технологияның бірі геоақпараттық жүйе. Геоақпараттық жүйе — бұл кеңістіктік-үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Жалпы айтқанда геоақпараттық жүйе ғаламда болып жатқан барлық құбылыстар мен нысандарды талдау мен карталауға арналған жаңашыл компьютерлік технология. Бұл технология карта ұсынатын географиялық талдау мен қатар, статистикалық талдау мен сұраныс жасау сияқты мәліметтер базасымен жұмыс операциясын біріктіреді.

Осы тұста Шымкент қаласында Геоақпараттық жүйе тестілік режимде қосылды. Геоақпарттық жүйеге Шымкент қаласының инженерлік жүйелері бойынша электронды ақпараттары енгізілген және қала аумағындағы барлық жер учаскелері бойынша, яғни пайдаланылмаған жерлерді қашықтықтан анықтауға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының тұрғындары үшін жалпы Геоақпараттық жүйе ашық карта, «http://geo-shym.kz» сайтында қолжетімді.

Айта кететін жайт, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3 бабы 1 тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі берілген.

ҚР-ның Жер кодексінің 43-1 бабында ауыл шаруашылығы мақсатындағы және жайылым жерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету республикалық маңызы бар қалаларда көрсетілмеген.

Сол себепті, Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қазіргі уақытта қала аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты қаралмаған.