Дауылды ескерту!

Казгидрометтің мәліметі бойынша, 9-10 наурыз күндері жауын жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с дейін жетуі мүмкін. Синоптиктер қала тұрғындарынан ауа-райынның қолайсыздығын назарда ұстап, дауылды жел кезінде өзі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады. ДАУЫЛДЫ ЖЕЛ КЕЗІНДЕ ЫҚТИМАЛ ЖАҒДАЙЛАР: –көшеде қондырылған жарнамалық щиттер, жеке тіреуіште тұрған транспараттар, жарықдиодтық паннолар құлауы;–ағаштар құлап, электр жарығын беретін сымдар үзілуі, салдарынан от ұшқынынан өрт болуы мүмкін.Сонымен қатар мамандар кеңес береді: –жеке автокөліктерді ағаштардың және ғимараттардың жанына қоймаңыз; –қатты жел кезінде жарақаттанып және зардап шегіп қалмау үшін ғимараттан шығуға шектеу қойыңыз; –қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.–балаларды қараусыз қалдырмай, бақылауға алыңыз. –қатты жел кезінде электр беру сымдарының және үзілген электр сымдарының қасында тұру қауіпті. Қауіп кезінде және құтқару іс — шараларын жүргізу үшін 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі