Даңқты диқан, дала академигі Ыбырай Жақаев атында республикалық ғылыми конференция өтті

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығына орай “ЖАЛПАҚ ЖҰРТҚА АТЫ МӘЛІМ ЖАҚАЕВ” атты Республикалық ғылыми-танымдық онлайн конференция өтті. Биыл даңқты диқан атамызға 130 жыл толып отыр.🔺Ғылыми конференцияға▪️Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Құрманбек Бәкірұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің аға оқытушысы, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Таутенов Ибадулла Айғалиұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Су шаруашылығы және жерге орналастыру” кафедрасының доценті Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің “Су ресурстары және мелиорация”кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Рау Алексей Григорьевич Zoom бағдарламасы арқылы қатысып, баяндама жасады.Конференция соңында ардагер Ыбырай Жақаевтың ұлы, Жақаев Сейітбек Ыбырайұлы атамыздың естеліктері мен ұсыныстары тыңдалды.

Шиелі ауданы ішкі саясат бөлімі