Денсаулық саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық барлық салаларда таралған, сол арқылы экономиканың дамуына теріс әсер етеді. Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі тетіктерінің бірі болып саналады. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына елеулі бюджет қаражаты бөлінеді. Қазіргі таңда пандемия жағдайына байланысты денсаулық сақтау саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі ретінде танылды.

Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің беріктігін тексергендей болды. Мұндай өзгерістерге дайын болмаған денсаулық сақтау саласының жоспарларына да айтарлықтай түзетулер енгізді. Қаражатты бөлуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жіті назарда ұстады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында медицина қызметкерлеріне үстемеақыны мақсатты жұмсау мәселелері ерекше бақылауда және тұрақты негізде тиісті жұмыстар жүргізеді.

»Шымкентте  Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саясатының 2022-2026  жылдарға арналған тұжырымдамасы  кеңінен түсіндірілуде.  Осы бағытта  кезекті кездесу Шымкент қаласының №5 қалалық емханасында өтті. Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып,онда зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға,жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге,қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті. Сонымен қатар,жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық  шаралардан,сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстардан хабардар етті.Іс-шара барысында Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп,басты критерий-нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды  және пайдалы болуы  екендігін атап өтті.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа  хабарласу қажеттігі хабарланды. Сыбайлас  жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.»