Интернет алаяқтық

Дүние жүзі және ел аумағында орын алған пандемиялық ахуалдарға байланысты, көптеген қаржылық және өзге сауда айналымдары онлайн форматта жүзеге асты. Соның салдарынан әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтардың саны күн санап артып, жәбірленушілер көбейді. Соңғы уақытта ғаламтор арқылы түрлі жарнамалар таратып, жеңіл жұмыс ұсынатын алаяқтар көбейді. Олар адамдарға сенімсіз сілтемелер жіберіп ақшаны еселеп беруге уәде етеді. Немесе екінші деңгейлі банктер мен ірі компанияларға инвестиция салу арқылы тез арада қаржыңызды көбейтіп, көлік немесе пәтер алуды ұсынады. Полицейлердің айтуынша интернет алаяқтар күн сайын ақша табудың жаңа әдісін ойлап табуда. Соңғысында олар, адамдардан екінші деңгейлі банк карталарын ашып, жалға немесе сатып алуға ұсыныс жасап жүр. Оның себебін, «крипто валюта алып-сатамын, сізге ешқандай зияным тимейді. Тек картаны бізге сатсаңыз болды» деп түсіндіреді. Алайда сол арқылы сіздің жеке мәліметтеріңізді иеленіп, басыңызға қара бұлт төндіретінін ескеріңіз. Шын мәнінде, банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сізге қоңырау шалып жеке мәліметтеріңізді сұрамайды. Тез арада ақша еселеп, кезексіз пәтер немесе көлік алу мүмкін емес. Мұның бәрі алаяқтардың айласы. Аталған қылмыстың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден «102» арнасына хабарлаңыз.

 2022 жылдың 14 қарашасы күні Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырмасы бойынша «Auezov jastary» қоғамдық қоры тарапынан «Қаржылық және интернет – алаяқтықтың алдын-алу туралы» колледж педагогтары, қызметкерлері және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге келген мамандар жастар арасында ғана емес аға буын өкілдері, зейнеткерлер арасында да белең алып отырған қаржылық, интернет-алаяқтық, экономикалық және мүліктік қылмыстардың алдын -алу және болдырмау мақсатында әңгіме жүргізді.

Бізде қонақта:

1) Шымкент Қалалық Полиция Департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел әукілі полиция под полковнигі-Айсаев Алишер Абузарович,

2) М.Әуезов атындағы ОҚУ заң факультеті халық аралық қатынастар және халық құқық меңгерушісі-Бекбосынов Ермек.