«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу » тақырыбында кездесу өтті

Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №67 «Қазыбек би» және №53 «Ю.Гагарин» атындағы жалпы орта мектептерінде «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жоғары сынып оқушылар арасында кездесу өтті.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов қатысты.

Кездесу барысында қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдар жайында және этносаралық келісімді сақтау мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ теолг маман Д.Аманов дінді дұрыс, жете түсінбеу деструктивті діни ағымдардың жетегіне ерудің алғышарты екенін жеткізді. Сол себепті діннің негізін, рухани дүниесін, шығу тарихын, діни құндылықтарын, ерекшеліктерін зерделеу қажет екенін түсіндірді. Жиын соңында оқушыларға деструктивті діни ағым мүшелерінің белгілері және қазақ ағартушыларының нақыл сөздері жазылған үн парақшалар таратылды.