Жылы су ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Жетісай ауданы аумағында қоғамдық-саяси біртұтастықты сақтау, бірлік пен татулықты насихаттау мақсатында, тұрғындар және ресми, бейресми көшбасшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жылы су ауылдық округі, Әл-Фараби елді мекенінде орналасқан №28 «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Н.Аштархан, Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің аға лейтенанты Ғ.Байбатша, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жылы су ауылдық округі әкімдігінің мамандары, учаскелік полиция қызметкерлері, №28 «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Баянова, ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында ұлтаралық татулық пен келісім, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, алаяқтық қылмыстар, мал ұрлығы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар, пробация бақылауында тұрған азаматтарға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалып, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінен толыққанды жауап алды.