Діни тұрақтылық – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі. Ол әртүрлі діни көзқарастағы азаматтардың өзара құрметі, заң талаптарын сақтау және діни мәселелерге қатысты сауатты әрі жауапты көзқарас қалыптастыру арқылы нығаяды.
Діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде халықтың, әсіресе жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Діни ақпаратты дұрыс түсіну, сенімді дереккөздерді ажырату, күмәнді және арандатушылық сипаттағы ақпаратқа сын тұрғысынан қараутағы профилактикалық жұмыстар ашық диалогқа, түсіндіруге және өзара құрметке негізделуі қажет. Жастардың сұрақтарына білікті мамандар тарапынан объективті жауап берілуі олардың діни мәселелерді дұрыс түс – қоғамның ақпараттық және әлеуметтік қауіпсіздігін күшейтеді.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар ашық диалогқа, түсіндіруге және өзара құрметке негізделуі қажет. Жастардың сұрақтарына білікті мамандар тарапынан объективті жауап берілуі олардың діни мәселелерді дұрыс түсінуіне ықпал етеді.
Осы бағытта Ұзын ата ауылында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар» атты тақырыбында Шардара ауданы, Ұзын ата ауылдық округі әкімі аппаратында жиын өткізілді.
Жиынға ауылдық округ әкімі АТТ төрағасы Г.Есимханов, төраға хатшысы О.Алиев мекеме қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық төрағалары қатысты.
Ауыл әкімі Г.Есимханов қазіргі таңда әлемде дін атын жамылып, түрлі мақсаттарды көздейтін деструктивті ағымдар белсенді әрекет етуде. Олар әсіресе жастардың санасын улап, қоғамда алауыздық тудыруға тырысады. Ислам діні – бейбітшілік пен әділеттің діні болса да, кейбір теріс топтар оның қағидаларын бұрмалап, өз мүдделеріне пайдаланып келетіндігін атап өтті. Жиын барысында дәстүрлі дін мен деструктивті ағымдардың айырмашылығы, олардың қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі жиынның мақсаты — дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы тұрғындардың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету – діни сауаттылықты арттыруды, жастармен жүйелі профилактикалық және ағартушылық жұмыстар жүргізуді, психологиялық қолдауды және қоғамдық келісімді нығайтуды қажет ететін кешенді үдеріс.
