Діни экстремизмнің алдын алу – ортақ міндет

Діни экстремизмнің алдын алу

Қазіргі таңда қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі – деструктивті діни ағымдардың таралуы. Мұндай ағымдар адамдардың діни сауатсыздығын пайдаланып, олардың санасына теріс ықпал етеді. Нәтижесінде жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төнеді.

Деструктивті діни ағымдардың басты ерекшелігі – дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығарып, өз идеологияларын күштеп насихаттауы. Олар адамдарды отбасы мүшелерінен, достарынан және қоғамнан оқшаулауға тырысады. Бұл өз кезегінде отбасылық жанжалдарға, әлеуметтік шиеленістерге және рухани дағдарысқа әкелуі мүмкін.

Әсіресе жастар мұндай ағымдардың ықпалына тез түседі. Өйткені олар өмірлік тәжірибенің аздығынан және діни білімнің жеткіліксіздігінен жалған уағыздарға сеніп қалуы мүмкін. Сондықтан жастардың дұрыс білім алып, сыни ойлау қабілетін дамытуы өте маңызды.

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін халықтың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және отбасы тәрбиесін күшейту қажет. Сонымен қатар, қоғам мүшелері күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарап, сенімді дереккөздерге жүгінгені жөн.

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округі ауыл мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері», — тақырыбында кездесу кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы О.Ермекбаев қатысты.

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов: Жастарды радикализмге, экстремизмге және терроризмге тарту үдерісін зерттеуші мамандар радикализм экстремизмге қарағанда ең алдымен идеяның мазмұнды екінші кезекте оны жүзеге асыру әдістері туралы біртұтас пікір білдіруде. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз — саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт — дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы — осының дәлелі деп сөзін қорытындылады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Жастардың басым бөлігінің қоғам өміріне араласуы ғаламтор желісі арқылы жүзеге асады. Ғаламтор жүйесі мейілінше дамыған заманда діндер бойынша да сан түрлі мағлұмат алуға болады. Оның бірақ дұрысы да, бұрысы да жетіп артылады. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни иедеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет. Жастардың ғаламторға тәуелділігін жою, оларды шынайы өмірге араластыру үшін олармен көбірек қарым — қатынас жасап, қоғамдық пайдалы еңбекке, қызығушылығы бойынша мәдени, спорттық іс — шараларға тарту керек. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни идеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет деп сөзін аяқтады.

Деструктивті діни ағымдар қоғамның бірлігі мен тұрақтылығына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан әрбір азамат рухани қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сақтауға үлес қосуы тиіс.