«Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне» арнап бастауыш ұйымымен кездесу өтті

25 ақпан күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Р.Ақжігітов жолаушылар тасымалымен айналысатын «АРТ» ЖШС-ның ұжымымен жүздесіп, «Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күніне» арнап жүргізушілердің қатысуымен жиналыс өткізді. Төраға орынбасары бұл күннің аталып өтілуінің маңыздылығы жайлы айтып, кәсіподақтың жұмысында әлеуметтік әділдік басты басымдылыққа ие екендігін баяндап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақтың мүшелерінің, жалпы компания қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету болып табылатын жұмысшылар мен жұмыс берушінің еңбекке байланысты арақатынасын реттеу мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жұмысты жаңа деңгейге көтеру жолдарын түсіндіріп өтті.Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Махажанов сөз сөйлеп, барлық адамдар үшін әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыру принциптерін қолдайтынын жеткізді. Серіктестіктің жұмысына тоқталсақ, бүгінгі күні тіркелген 120 жүргізуші жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде 75 қызметкер кәсіподақ мүшесі. Жүргізушілер екі ауысым бойынша 7-8 сағат, ал автобус 14-21 сағат жұмыс істейді. Жұмыс істеудің мұндай тәртібі тұрғындарды қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді және қалыпты еңбек жағдайларын жасайды. Е.Махажанов осы тәжірибе қалааралық бағыттарда қозғалыстың ерте басталуы және кеш аяқталуы кезінде қолданылатындығын айтты.Ал, қатысушылар тарапынан іс-шараға қатысты сұрақтар қойылып, әрқайсысы өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарына толыққанды жауап алды. Әрі қарай кәсіподақ активі жргізушілердің жұмыс жағдайымен танысты.Қорыта айтқанда, әлеуметтік әділеттілік қарым-қатынастың аясында әрбір кәсіподақ мүшесі өз құқығын, еліміздің тұрақтылық жағдайын, жұмысының игілікті жемістерін тиімді пайдаланып, қазіргі жұмысшылардың өмір қалыптары тұрақты жоғарылауда. Әлемдік әлеуметтік әділеттілік күні аясында еңбек талаптарын, жұмыс орындары, жалақының сақталуы бойынша өткізілген кездесу тартымды өткізілді.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы