Дөңгелек үстел отырысы өтті

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің мәжіліс залында «Этносаралық дауларды шешу жолдары» тақырыбында ауыл округіндегі медиаторлардың, аудандық аналар кеңесі мүшелерінің, аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Ғ.Медеуовтың және полиция қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кездесуде филиал басшысы Базарбай Мамадиярұлы: Қазақстандық медиация – тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін өміршең механизм. Өйткені біздің ел барлық салада белсенді дамып келе жатыр. Сондықтан көптеген дауларды реттеуде медиация азаматтарға өмір сүру сапасын жақсартуды арттыруға жәрдемдеседі.

Осыған сәйкес медиация үшін жәрдемші болатын беделді қоғамдық құрылымдар: ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық кеңес, этномәдени орталықтар бар – деп өз пікірін ортаға салды.

Сонымен қатар кездесу барысында қатысушылар осы сала бойынша өз ойларын айтып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.