Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз орталығы.

Комиссия төрағасы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, төрағаның орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Комиссия құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар.

Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook-тегі парақшасында онлайн таратылады. Бұдан бөлек, «Хабар24» телеарнасы комиссия отырысына тікелей қосылып, ақпарат беретін болады.