Елордада күніне 4-5 мың адам вакцинацияланады

Вакцинация жұмыстарына баса назар аударылады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бүгінде 100 егу пункті ұйымдастырылса, қосымша 31 жылжымалы егу бригадалары жұмыс істеуде деп хабарлайды ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцинация жоспар бойынша өтуде.

«Бастапқы кезде елордада күніне 100-150 адам егілсе, бүгінде бұл жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, халық арасында өз еркімен вакцинацияға деген құлшынысын көрсетіп, бүгінгі күні күніне 4-5 мың адамға дейін егілуде. Елордада үгіт насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде, медицина қызметкерлері вакцинацияның маңыздылығына тоқталып, күн сайын арнайы дайындау жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді», — деді А.Қуатбаева.