Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың саны күн сайын көбеюде

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың саны күн сайын көбеюде деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық басқармасы.

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан инфекцияға шалдыққан пациенттердің жағдайын білу үшін инфекциялық госпитальге арнайы барды. Коронавирус диагнозы қойылған науқастардың сөзінше, олар той-домалақ пен отырыста болып, сырқаттанып қалған. Індет өршіген тұста медицина мамандары карантиндік шараларды қатаң сақтауды ескертеді: — маска тағып жүру; — адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз (үйлену тойлары, беташар және т.б шаралар);- әлеуметтік арақашықтықты сақтау;- жиі қолыңызды сабынмен жуыңыз және антисептик қолдануды ұмытпаңыз.