Еліміздің бірқатар өңірінде жұма намазы оқылды

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде санитарлық талаптар сақтала отырып Жұма намазы оқылды.

Ал республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма намазына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жамағатқа қасиетті Қадір түні жөнінде қысқаша уағыз айтты. Сондай-ақ Бас мүфти карантин ережелеріне сәйкес жұма намазын оқу тәртбіне түсіністікпен қарап, қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Өзге өңірлерде өткен жұма намазында да карантин талаптары сақталып, құлшылық мешіт ауласында атқарылды. Талапқа сай арақашықтық сақталып, жамағат өздері әкелген жайнамазда және арнайы жайылған кілемшелерде намаз оқыды. Барлық имам жамағатқа Қадір түні жайлы қысқа уағыз айтып, намаз соңында еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тілеп дұға жасалды.