Ел сенімі – ең үлкен құндылық

Бүгін Арыс қаласының әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы 26 азаматты жеке мәселелерімен қабылдады деп хабрлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шаһар басшысы қала тұрғындарының өтініштерін тыңдап, оларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан қала басшысы жеке қабылдауға келген азаматтар өздерінің ой-пікірлері мен өтініштерін еркін айта алатынын атап өтті.Жеке қабылдауда болған азаматтар 2019 жылғы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйлерін жөндеу мәселесі, сапалы электр жарығы, коммуналдық мәселелер, денсаулығына қатысты және төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарына өтем ақы алу мәселесі мен әлеуметтік көмектер алу бойынша өз өтініштерін жеткізді.Тұрғындарға заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өтініштері назарға алынып, хаттамаға енгізіліп, кезең-кезеңімен шешімін табу үшін бақылауға қойылды. Бүгін облыстық бас санитариялық дәрігері Н.Нышановтың 2021 жылғы 14 сәуірдегі N 8-ші қаулысына сәйкес карантин режимі қатаңдатылды. Аталған себептерге байланысты қала тұрғындарын жеке-қабылдау жүйелі түрде әр сәрсенбі күні онлайн режимінде сағат 15.00 -17.00 аралығында жүргізілетін болады. Қала әкімнің жеке қабылдауына Арыс қаласы әкімі аппараты, Әкімшілік бөлімінің 8 /72540/ 5-92-14 байланыс телефонына хабарласып, жазылуға болатынын мәлімдейміз.