Еңбек жағдайын жасау басты назарда!

Шымкент қаласындағы «Azala-Textile» ЖШС жұмысшыларымен «Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау» тақырыбында онлайн семинар-тренинг өткізілді деп хабарлайды Ntime.kz. Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов, Шымкент қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, кәсіподақ қызметкерлері қатысты.Семинарда өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді. Серіктестікте кәсіподақ ұйымы құрылмағандықтан, кәсіподақ ұйымын құру және ұжымдық шарт түзу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.