«Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Қазіргі таңда жалған ақпараттар беріп, елді дүрліктіретіндер кездесіп жатады. Оның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарында тұр. Технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын емес. Атап өтер болсақ, мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудырады. Сонымен қатар көбінесе жалған хабарламаларды мас халдегі ересектер немесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер қасақана жасайды. Десек те «Қылмыстың өтеуі-жаза». Сол себепті мұндай жалған ақпарат берушілер жазасыз қалмайды. Мәселен, ҚР ҚК-нің 273-бабында «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған мемлекеттік органдардың материалдық залалын өтеуі мүмкін» екені көрсетілген. Осы тұста ҚР Қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыс жасалған уақытта 14 жасқа толған адамдар Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жататынын атап өту қажет. Мемлекеттік қызмет органдарын жалған шақырғаны үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ балалардың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар жеткізген жағдайда, ата-аналары жауапкершілікке тартылады.

ТО ПД баспасөз қызметі