Түркістан облысының полицейлері террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Алдын алу іс-шаралары аясында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің иелерімен және басшыларымен кездесу өткізді. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты — «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру болып табылады. Семинарлар мен «дөңгелек үстелдердің» қатысушыларымен, оның ішінде 200-ден астам оқу орындарының басшыларымен және персоналымен ҚР заңнамасын түсіндіру және терроризмге қарсы дайындық бойынша сабақтар өткізілді. Сондай-ақ бейнероликтер көрсетілді және нұсқаулықтар толық түсіндірілді. Осы тұста Түркістан облысының тәртіп сақшылары қылмыстық жауапкершілік көзделген терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратуға жол бермеуді ескертеді.

ТО ПД баспасөз қызметі