Жамбыл облысының тұрғындары полицияға 115 атыс қаруы және 1 гранатаны тапсырды

2021 жылдың 20 сәуірінен бастап Жамбыл облысында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция өткізілуде деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы акцияны өткізуге 10 миллион 404 мың теңге бөлінді

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне өтініш беруі тиіс.

Сыйақылар мөлшерін комиссиялар айқындайды. Ерікті тапсыру үшін төлем сомасы қарудың түріне, оның техникалық жай-күйіне байланысты және әрбір бірлік үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін түленеді.

«Акция басталғаннан бері полиция органдарына азаматтардан 90 өтініш келіп түсті, 115 бірлік атыс қаруы тапсырылды жалпы сомасы 7 миллион 403 мың теңгеге. Оның ішінде 24 бірлік ойық ұңғылы, 90 бірлік тегіс ұңғылы, 1 бірлік травматикалық қару, сондай — ақ 1 жауынгерлік қол жарықшақты граната» — Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Мәмбет Смайылов хабарлады.

Жамбыл облысы Полиция департаменты ескертеді, заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады.