Жамбылдық полицейлер мектеп жасына дейінгі балаларды жол қозғалысы ережелеріне оқытуда

Жамбыл облысының  Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын жұмылдыра отырып, жол қозғалысы ережелерін білуге қатысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Күн сайын тәртіп сақшылары сурет, викторина және басқа да байқаулар арқылы балаларға жол қозғалысы ережелерінің негіздерін үйрету мақсатында балабақшалар мен мектептерде болып қайтады.

Балабақша  тәрбиеленушілері жол қозғалысы ережелерін үйренуде өз білімдерін көрсетуге дайын, ал  полицейлердің қатысуымен өтетін сабақтар  одан да  қызықты болады.

Балалар сабақтарды ойын түрінде оңай игеріп,  ал кейбір топтар жол ережелері туралы әндерді үйренеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде бұл жұмыс ең алдымен тәрбиешілердің біліктілігі мен  азаматтық ұстанымының нәтижесінде  белсенді жүргізілуде, олар өздеріне сеніп тапсырылған әрбір баланың болашағы ертең олардың сапалы берген тәрбиесіне байланысты екенін біледі.

Осының  нәтижесінде балалар жалпы білім беру мекемесінің табалдырығын балабақша қабырғасында алған білімдерінің негізімен  ауыстырады. Бала жолда өзін сенімді сезініп,  жол қозғалысы ережелеріне қатысты білімін сыныптастарымен бөліседі.

Бұл алдын алу әдістері балалардың жол-көлік жарақатын  болдырмауға әсерін тигізеді.

Жамбыл облысы  ПД баспасөз қызметі