Жамбыл облысында 34 жастағы азаматша алаяқтықпен айналысқан

Ағымдағы жылдың 1 наурызы күні Сарысу аудандық Полиция бөліміне Жаңатас қаласының екі тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арыз жазды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі . Арыздарында 2020 жылдың 2 тамызында бірінің туысы, екіншісінің танысы болып келетін азаматша қайтарымсыз 5 миллион теңге несие алып беремін деп сенімдеріне кіріп, әрқайсысынан 100 мың теңгеден, жалпы 200 мың теңге қаражатты алдап алып, өз қажеттілігіне жаратып жібергені туралы көрсеткен.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 34 жастағы Жаңатас қаласының тұрғыны ұсталды. Ол ешқайда жұмыс жасамайды және қайтарымсыз несие алып беретін мүмкіндігі жоқ, ал аталған ақшаны өзіне керек болған себепті, алдау жолымен иемденгенін мойындады. «Қазіргі уақытта адамдардың сенгіштігі мен оңай олжаға қол жеткізгісі келетінін пайдаланып, өздерінің ұтымды ұсыныстарымен қарапайым азаматтарды азғыратын алаяқтар қатары көбейген. Бір ғана Сарысу ауданының өзінде бір аптаның ішінде 7 алаяқтық дерегін аштық, олардың бәрі сотқа жолданатын болады. Полиция бөлімінде алаяқтық қылмыстарына қарсы арнайы жұмыс тобы құрылды. Жергілікті тұрғындарға да алаяқтық деректерінің алдын алу жолдарын түсіндіріп, тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді ұдайы ескертудеміз» — деп атап өтті Сарысу АПБ бастығы А.Алметов.

В Жамбылской области 34-летняя гражданка занималась  мошенничеством

1 марта текущего года в Сарысуский РОП с заявлениями по факту мошенничества обратились двое жительниц  города Жанатаса. По их словам, гражданка, которая одной потерпевшей приходится родственницей, а второй – знакомой, пообещала помочь получить безвозмездный грант на сумму 5 миллионов тенге. За свои услуги она потребовала 100 тысяч тенге с каждой. По словам заявителей, подозреваемая обманула их и 200 тысяч тенге потратила на свои нужды.

По данному факту начато досудебное расследование по статье 190 (мошенничество) Уголовного Кодекса РК.

В ходе оперативно-розыскных мероприятий полицейские задержали 34-летнюю жительницу Жанатаса. Она призналась, что заранее запланировала обманным путем получить деньги. Подозреваемая  нигде не работала и не имела возможности помочь получить безвозмездный грант.  «Сейчас, к сожалению, мошенников становится все больше, и они придумывают все новые и новые способы обмана. Только в Сарысуском районе за неделю полицейские раскрыли 7 фактов мошенничества. Все дела будут направлены в суд. В Сарысуском РОП создана специальная группа по борьбе с мошенничеством. С жителями проводим  разъяснительную работу, призываем не доверять непроверенной информации» — сказал начальник Сарысуского РОП А. Алметов.