Жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы брошюралар таратылды

Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық барлық салаларда таралған, сол арқылы экономиканың дамуына теріс әсер етеді. . Сыбайлас жемқорлықтың себебін анықтау, алдын алу және оны болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен М.Әуезов атындағы ОҚУ арасында 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар бойында адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жастармен кездесулер, адалдық сағаттары және тағы да басқа жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлін ескере отырып, жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайдағы және жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы мәліметтер енгізілген брошюралар жастарға таратылды.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға балта шабады. Сондықтан елімізде құқықтық сана мен құқықтық мәдениетімізді  қалыптастырып, деңгейін арттыру қажет.Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу баршаға міндет.  

Ntime.kz