Жастар кеңесі өтті

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, кеңес мүшелері мен ауданның белсенді жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңесті өзім жүргізіп отырдым. Жиында аудандық кәсіпкерлік, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары есеп берді. Сонымен қатар аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры аудан көлемінде жастардың белсене қатысуымен өткізілген қайырымдылық іс-шаралары мен жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Айдос Кулмаханов Отырар ауданы ішкі саясат бөлімі