Жастар тәрбиесі және парасаттылық құндылықтары

Жастарды жақсылық жасауға жігерлендірумен қоғамның ары таза азаматтары етіп тәрбиелеу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде адалдық сағаты өтті.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Т.Сейлбекқызы, мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.
Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жастардың белсенділігі аса маңызды екендігін атап өтіп, жемқорлықтың алдын алу бағытында қолға алынған жобалармен таныстырды.
Сондай-ақ, әр мектеп жанынан құрылған «Адал ұрпақ» клубтарының маңыздылығына, жастар тәрбиесіндегі мұғалімдердің рөліне тоқталды.
Тыныштық Сейлбекқызы дін тұрғысындағы адалдық құндылықтары жайында сөз қозғап, еліміздің болашағы ретінде сабақтарын жақсы оқып, болашақта елімізге адал қызмет етуге шақырды.
Шараға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ашық білдіріп, қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті