Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық — қоғамда жиі талқыға түсетін өзекті тақырыптардың бірі. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық жобалар ұйымдастырып, іс-шараларды қарқынды өткізіп келеді.

Шымкент қаласым Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты  жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпарттар беріліп, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу, жолын кесу және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізу, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беру. «Нәзікжандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу де — осы акция аясында жүзеге асады. Өкінішке қарай, бүгінде әйелдерге қатысты зәбір көрсету әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай болып отыр. Сол себепті аталған өзекті жайт туралы тек акция аясында ғана емес, күнделікті өмірде де айтылып, алдын алу керек.

Осы тұста тәртіп сақшылары отбасындағы жанжал салдарынан балалардың көп зардап шегетінін атап өтті. Сондай-ақ, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Кездесуде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында қатысушыларға буклеттер таратылып, кеңестер берілді. Зорлық-зомбылық, адам саудасы тақырыптары кеңінен айтылды.

Аталмыш шараға Шымкент қаласының білім басқармасының мамандары, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің маманы мен Жастар ресурстық орталығының психологтары №3 арнаулы қызмет көрсететін орталығының әлеуметтік маманы психолог мамандары қатысты «Бақытты жанұя» КММ-нің психологы, тиолог мамандары және М.Өтебаев жоғары технологиялық колледжі студенттері қатысумен өткізілді. Айта өтетін ақпарат, республика көлемінде қолға алынған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы 10-желтоқсанға дейін жалғасады.