Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия  6 қазан күні 9 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатын құқық пәнінің мұғалімі А.Табылдиева өткізді.

Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.

ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы яғни оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз сағат 22:00 ден таңғы 06-ға дейінгі уақытта жүрмеуге. Сонымен қатар әлім жеттік, күш көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 435 бапта Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша ата-анасына айып пұл салынатындығы және 436 бапта елдімекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану, 9 тарау кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы, 12 тарау кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың баптарын толығымен оқушыларға түсіндіріп берді.

Сонымен қатар осы  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия

28 қыркүйек күні 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу!» тақырыбында жиналысы өтті.

Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Оналбеков, педагог ұйымдастырушы Л.Ирсимбетова, сынып жетекшілер қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Жиналыста оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жайлы айтылды. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.