Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті  мәселелердің біріне айналып отыр. Құқық бұзушылық — бұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.    

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері Nо28 мектеп-лицейінде жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін 12.10.22ж N28 мектеп-лицейдің ата-аналары мен қала прокуратурасының бөлім прокуроры Береке Жұмабаева «Жасөспірімдер арасындағы құқықтың алдын алу тақырыбында, жоспар бойынша кездесу ұйымдастырып, бала тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды. Ата-аналардың баланы күтіп-баптаудағы жауапкершілігі мен міндеттеріне де жеке тоқталып кетті. Түркістан қаласы прокурорының бөлім прокуроры Береке Жұмабаева «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып, балаларымыз құқылы дербес ортада өмір сүреді» деген сенімдеміз деп өз сөзін қорытындылады.