Құқықтық сауаттылықты арттыру

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі. Оқу жылы барысында ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіледі. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікір талас өткізіледі. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №77мектеп-лицейінде 2022-2023 оқу жылында кәмілет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатындағы құқықтық тәрбие бағытының «Құқықтық сана- қоғамға пана» жобасы аясында Құқықтық сауаттылық декадасы жоспарға сәйкес өткізілуде.

Мектептің алдында тұрған міндет-кәмілет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты азайтуға ықпал ету. Мектепте 17 қазан күні 7-8 сынып оқушылары арасында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С. Аширбекова,мектеп инспекторы Е. Елеупов, педагог-психолог Мейрбекова түсіндіру және алдын-алу жұмыстарын жүргізді. Мектепте және мектептен тыс аумақта жүріп тұрудың ережелері, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында ата-анасыз заңды өкілдерсіз жүрудің, сабақ уақытында бос жүрудің салдары және зиянды әдеттердің кері әсері жайында мектеп инспекторы Е. Елеупов, сабақтан кешікпеу, тазалық, жинақылық, тб мәселелер жайында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С. Аширбекова, адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар- ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру жайында педагог-психолог Л. Мейірбекова презентация жасап, видеоматериалдар көрсетті. Оқушылар соңында сұрақтар қойып, өз ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады.