Жаңа жылдық мерекеде өрт қауіпсіздігі қатаң ескерілу қажет                                                   

Жаңа жыл мерекесі жақындаған кезде жасыл шырша да өз орнын табады. Жаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігін естен шығармауымыз қажет.
Жаңа жылдың бенгал алауы мен әр түрлі мерекелік отшашуларсыз өтпейтіні белгілі. Жаңа жылды тойлау қарсаңында әр түрлі өрт шығу қаупі бар пиротехникалық құралдар қолданылады, олардың салдарынан өрттің шығуы, адамдардың жарақат алуы және мертігуі әбден мүмкін.
Осыған орай, Абай ауданы ТЖБ қызметкерлері «Жаңа жыл мерекесі кезінде» өрт қауіпсіздік шаралын сақтау мақсатында және заңсыз пиротехникалық заттарды сатуға тыйым салу, тұрғындарды назарына жеткізу мақсатында Авто-Нұр, Самал сауда орталығында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында арнайы жадынамалар таратылып өрт және жарақат алу қауіпсізгі ескертілді.