Жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау тиімділігін арттыру үшін жиын өтті

Жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан қаласында мәжіліс отырысы ұйымдастырылды, деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының Әділет департаментінде алименттерді, сондай-ақ мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының сот актілерінің орындау тиімділігін арттыру мақсатында мәжіліс отырысы өтті. Бұл жиынға департамент басшысы Мұхит Бекетұлы Тұрғараев төрағалық етті.

Сондай-ақ, жиынға атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Токсабаев, Түркістан облыстық  жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысың орынбасары, Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушылары қатысты.

Сонымен қатар, Департамент басшысы Мұхит Бекетұлы жиналысты кіріспе сөзімен ашып, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, баяндама жасау үшін департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Тоқсабаевқа сөз берді.

Мемлекет пайдасына өндіру туралы атқару өндірістерді аяқтау бойынша жұмысты күшейту, атқару құжаттарын қозғаудан негізсіз бас тартуларды болдырмау, бұл санаттағы атқарушылық іс жүргізулердің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру жайы айтылды.

Сондай ақ Департамент басшысы Мұхит Бекетұлының тарапынан Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларына орындауда қалған алимент өндіру және мемлекет кірісіне айыппұл өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарын тізімдеп, қалдықтағы өндірістер бойынша атқарылған жұмыстар туралы нәтижесі ұсынылу тапсырылды.