Желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті

Бүгін, аудандық жастар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай оқиға куәгерлерімен кездесу өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің облыстық және аудандық өкілдері, аудандағы желтоқсан оқиғасының куәгерлері және аудан жастары қатысты. Кездесуде Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел тәуелсіздігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында сөз болды. Сондықтан да Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады.Бүгінгі кездесудің мақсаты сол кезеңдегі елге деген патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытында ұйымдастырылды.

Ордабасы ішкі саясат бөлімі