Жемқорлық ұлтқа қауіп төндіруде

Кез келген қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлық әрекеттері бар. Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін фактор. Бұл қоғамдық дерттің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық  деп қабылдауы. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет.   Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен бекітілген. Бүгінде елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Бүгін осы мақсатта Түркістан қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық ұлтқа қауіп төндіруде» тақырыбында өзекті сұқбат өтті. Сұқбатқа арнайы шақыртылған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері – Қыдырбай Қасиет Өмірбекқызы мен Тастемір Арайлым Асқарқызы қонақта болып, аталған тақырып төңірегінде кеңінен әңгіме өрбітті.

«Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарылып жатқан жұмыстары мен облысымызда орын алған сыбайлас жемқорлық шараларын негізге алып, деректі дәйектерін келтірген менеджерлер аудиторияның ауқымды сауалдарына да жауап берді.

Сұқбатқа қатысқан Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжалғас Мұстафаева, Түркістан қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, «Құрмет» орденінің иегері Баян Адырбек қазіргі қоғамда жең ұшына жалғасқан жемқорлық жайлы мазмұнды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.

Шараға қатысқан аталған сала қызметкерлері бүгінде мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізіп, жемқорлықтың алдын-алу бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асыратындығын жеткізді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық әрекетіне тап болып, оған куә болғандар үшін 1424 сенім телефоны үздіксіз қызмет ететіндігін де алға тартты.