«Жерді өз бетінше иеленуге жол жоқ»

Бүгін Шымкент қаласының прокуратурасы мен Шымкент қаласы Әкімдігі дәл осындай ұранмен жаңа жобаны іске асыруға кірісті. Құқық қорғау және жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында жерді өз бетінше иеленіп алуға байланысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдағы уақытта болдырмау мәселелері талқыланды. Осыған дейін жоба менеджментінің Жарғысы, іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс тобы құрылған болатын.

Іс-шара шеңберінде қалалық әкімдік пен коммуналдық мекемелер арасында жер учаскелерін өз бетінше иеленген тұлғаларға су, газ және электр энергиясын беруге тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды.