Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртады

Жетісай ауданы Қызылқұм елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызы жастайынан трактор жүргізеді. Ол 11 жасынан бастап ауыр техниканы тізгіндеп үйренген деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде трактордың көмегімен ауылдастарының егістік жерлерін жыртып, табыс та тауып жүр.

«Мен кішкентай күнімнен жеңіл көлікке қарағанда, осы техникаға деген қызығушылығым арта түсті. Осындай ерекшелігімді байқаған әкем мен ағаларым бетімнен қақпай, керісінше трактордың қыр-сырларын үйретті. Сол үшін оларға шексіз алғысымды айтамын. Міне, соның арқасында күніне 10 гектарға дейін егістік жерді жыртып, диқандарға көмегім тиіп келеді. Күнделікті ісім осы болған соң, трактордың аз-кем техникалық ақаулықтарын жөндеуді де үйреніп алдым», – дейді А.Асылбекқызы.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 1 курс студентін ауыл арасында «тракторшы қыз» деп те атайды екен. Оның білім алып жүрген негізгі мамандығы тіс дәрігері.

Девушка-тракторист из Жетысая вспахивает в день до 10 гектаров земли

Жительница населенного пункта Кызылкум Жетысайского района Арай Асылбековна с детства увлекается вождением трактора передает региональная служба коммуникаций Туркестанской области.

Рулить тяжелой техникой девушка обучалась с 11 лет. И на сегодня с помощью трактора она вспахивает пашни односельчан и этим зарабатывает на жизнь.

«С самого маленького возраста у меня появился интерес именно к этой технике, нежели к легковушкам. Заметив мою такую особенность, отец и братья, начали учить дальше меня всем тонкостям вождения трактора. За это я им безмерно благодарна. Теперь в день могу вспахивать до 10 гектаров пашни, таким образом помогаю другим аграриям. Более того сейчас я научилась исправлять некоторые технические неисправности трактора», — говорит А.Асылбеккызы.

В настоящее время Арай студентка 1 курса одного из ВУЗов города Туркестан. В ауле уважая, ее называют «девушка-тракторист». А основной специальностью в обучении Арай Асылбеккызы является — зубной врач.