Жоспарланған жұмыстар жалғасуда

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда салалық басқарма басшылары осы жылға жоспарланған әлеуметтік және тұрғын үй құрылыстары мен жол, инженерлік-инфрақұрылым салу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.Қала басшысы төтенше жағдай режимін сақтай отырып, жоспарланған құрылыс жұмыстарының тоқтап қалмауы үшін сала мамандарына құрылысшыларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге, барлық коммуналдық және қызмет көрсету кәсіпорындарының қалыпты режимде жұмыс істеуін қадағалауды айтты.Бүгінде мегаполистегі барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Төтенше жағдай режимі қатаң бақылауда.Қала тұрғындары мен қонақтарынан төтенше жағдай кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеуге және комменданттық тәртіпті сақтауға шақырамыз.Интернет желісінің тұрақты жұмыс істемеуіне байланысты ақпараттар кешіктіріліп берілуде. Бұл кеше түстен кейін өткен жиналыс. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі