Шымкентте «Құтқарушылар күніне» арналған мерекелік шара өтті

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер әрдайым азаматтарға көмек көрсетіп, елдің қауіпсіздігін, төтенше жағдайлардағы адамдардың өмірі мен мүлкін қорғайды. Биыл Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 26 жыл толады. Тәуелсіздік жылдары Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала, Түркістан облысы аумағында және республиканың басқа өңірлерінде болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға өз үлестерін қосты.2021 жылдың 19 қазанында «Түркістан» сарайында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары М. Айманбетов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, ТЖ департаментінің басшы және жеке құрамы, қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың туыстары қатысты. Салтанатты іс-шара барысында Шанин атындағы театрдың шығармашылық ұжымы өз өмірлерін қатерге тігіп, адамдарды құтқаратын өрт сөндірушілердің ерліктері туралы театрландырылған көрініс көрсетті.Сондай-ақ, балаларға арналған өрт сөндіруші туралы алғашқы мультфильмі «Бебеу» атты аннимациялық мультфильмінің тұсаукесері өтті. Мультфильм «Сақ» киностудиясында құрылды, оның авторы Қаратау ауданы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тасқараев болып табылады. Болашақта осы аттас ертегі бойынша тұтас сериал жасау және оны «Балапан»телеарнасында көрсету жоспарланып отыр.Салтанатты іс-шара барысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың туыстарына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Азаматтық қорғау органдарында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосқан, елдің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер аз емес. Аталған іс-шарада қызметтік міндеттерін тиімді, мінсіз орындайтын және өз функцияларын адал орындайтын 30 қызметкер мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан үлесі үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы үздігі» медалімен, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Құтқарушы», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен, Шымкент қаласы мәслихаты мен әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Шымкент қаласы ТЖД