Жұмысшы топ мүшелерімен профилактикалық шаралар жүргізілуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған жұмысшы топ мүшелерімен Шымкент қаласы әкімі аппаратында және Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында түсіндірме семинарлары өткізілді.

Семинар мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мәселесіне арналып, оның барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, тәжірибеде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша мысалдар келтіріліп, бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған сапалы шараларды қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Семинар барысында Департамент өкілі Д.Жанысбек, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишев және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілі Ғ.Шарипов мемлекеттік органдарда қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру сұрақтарына, сондай-ақ еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс және мереке күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтату мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.

ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті