Жұмыс берушілер күні өтті

Ахмет Ясауи Колледжінде «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Жиынға оқу орнында даярланатын мамандықтардың түлектерін жұмыспен қамтып отырған мекемелердің, құқық қорғау органдары басшылары мен өкілдері және «Атамекен» ҰКП-ның Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Бейсебековалар қатысты. Қонақтар студенттеріміздің тәжірибелік сабақтарда дайындаған өнімдерінің көрмесін тамашалап, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Кездесу барысында академиялық дербестік шеңберінде оқу процесіне енгізуге болатын пәндердің мазмұны бойынша жұмыс берушілердің ұсыныс-пікірлері талқыланды. Әсіресе «Sandyk» мейрамханасының шеф-аспазы Нұрбол Садырханұлының практикалық сабақтарды ұйымдастыруға байланысты берген ұсыныстары колледж әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Дуальды оқытуға байланысты туындап отырған мәселелерді шешу жолдары да қарастырылды. Бұл бағытта жұмыс берушілерден көп қолдау керектігіне назар аударылды. Бірқатар мекемелермен әлеуметтік серіктестік шеңберінде меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер өздерінің қызмет салалары бойынша білім алушы студенттермен кездесулер өткізді. Болашақ маман иелеріне ақыл-кеңестерін айтып, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында оқу ордамыздың дамуына және түлектердің жұмыспен қамтылуына тұрақты түрде қолғабыс көрсетіп отырған мекемелердің басшыларына арнайы марапаттар тапсырылды. Атап айтқанда, «ТурМегаком» ЖШС-нің басшысы А.Юсупов пен «AzMur и К» ЖШС-нің басшысы Қ.Абиеваға Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің «Алғыс хаты» тапсырылды. Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының «Алғыс хатымен» «Rixos Turkistan» қонақ үйінің шеф-аспазы М.Ахметшин, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының басшысы Б.Басымбек, «N2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры А.Сәрсенбаев және тағы бірқатар мекеме басшылары марапатталды.