Заңсыз құрылысқа жол жоқ

Қаладағы заңсыз салынған құрылыстың нысаналы мақсатын ауыстырмай рұқсат алынбай, заңсыз салынған нысандарға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына сәйкес рұқсат қағаздарын алу арқылы салынуы қажеттігі туралы ескертулер жасалынуда.

‌Алайда, Түркістан қаласы тұрғындарының көбі рұқсат алынбай салынған нысандардың көбі, қызыл сызық, жасыл аймаққа және құрылыс нысандарына нормативтік сай келмеуі мүмкін. Сол себепті қала тұрғындарына тағы да ескертеміз.

‌ЕГЕР СІЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, арнайы Сәулет және қала Құрылыс бөлімінің мамандарымен кеңесіп, рұқсат құжаттарын алу арқылы құрылысты бастауыңыз қажет.

2-тарау. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛАПТАРЫ

5. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға

жол берілмейді. Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды,ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА

ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы

саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік

сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан

Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарлама жолданады және

бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.

ЕГЕР БҰЛ ТАЛАПТАР ОРЫНДАЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА,

мемлекеттік Сәулет және қала құрылысы бақылау басқармасы айыппұл салып, нормативке сәйкес келмесе, СНОС-қа (бұзуға)жібереді.