Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

15 қазан күні патент алу сұрағымен жүгінген Ордабасы ауданының тұрғыны Т.Қожакелдиевке Түркістан облысының Әділет департаменті мен Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында бейне байланыс арқылы кездесу өткізілді.Іс-шара барысында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зиятерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсартуда зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің маңыздылығы және кәсіпкерлермен зияткерлік меншік құқығы объектілерін пайдалану бойынша талқылау жүргізілді.Сонымен қатар, egov.kz және kazpatent.kz сайты арқылы электронды өтінім беру туралы түсіндіру жүргізілді.

Түркістан облысы Әділет департаменті