Инвестициялық бағдарламаның орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізілуде

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен тұрғын үй коммуналды шаруашылық жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері «Cу ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Олар қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында кәсіпорын тапсырысымен құрылысы жүргізіліп жатқан кәріз коллекторы және ағынды су тазарту кешенін ұлғайту жұмыстарын көрді.

Абзал ЗЕЙНЕТАЕВ «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары

((Тұтынушылар қатары көбейіп жатыр. Ол дегеніміз бұл құбырларға, коллекторға түсетін жүктеме де артып отыр. Ағынды суды самотечно кетуіне жол берсек, қауіп күшейе береді. Қазіргі жұмыстар, коллектордың жаңаруы сол қауіптің алдын алып, тозығы жеткен құбырды жаңалау үшін…))

Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 3 жарым шақырымға жуық коллекторды қайта құру жұмыстары барысында Момышұлы көшесі мен Юсупов көшесі аралығындағы су төгетін станцияға дейінгі құбыр жаңартылады. Бұл коллектор 1972 жылы салынған, яғни тозығы жеткен. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тапсырысымен бұл жұмыстарды «Тұрлан құрылыс» мердігерлік ұйымы қолға алған.

Отандық өнімдердің сапасына, көлеміне, қаржысына қатысты сауалдарды қойған қоғам белсенділері мердігер компанияның жұмысын қабылдап алуға тұтынушылар атынан қатысуға құқылы екенін алға тартты. Шын мәнінде, оған ешқандай кедергі жоқ.

((Барлық құжаттар заңға сәйкес жасалады. Талаптарынан ауытқу мүмкін емес. Қаржысы да сол құжаттар бойынша есептеліп, автоматты түрде нақтыланады. Құбырлардың Кесте бойынша бұл нысан 2024 жылдың күзінде пайдалануға беріледі. +++общественники: біз неге жұмыстарды қабылдауға қатыспаймыз? Оны да қарайық, қатысыңыздар)).

Келесі нысан — Шымкент қалалық ағынды су тазарту кешені. Қуаттылығы тәулігіне 150 мың м3 шайынды суды тазартуға арналған кешен құрылғылары жыл он екі ай жұмыс істейді. Қала аумағының ұлғайып, халық санының артуына байланысты кешенді кеңейту жобасын қала әкімдігі қолдап, 2023 жылдың қаңтар айында қосымша имараттың құрылысы басталды. Нәтижесінде, 200 мың текше метр ағынды суды тазартуға қауқарлы болмақ.

Айсұлу Әлібекова Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

((Әкімдік пен департамент тарапынан барлық құжаттар бекітілген. 920 млн. теңге су құбырын жаңарту, 970 млн теңгеге кәріз жүйесін жаңартуға. Қосымша қаражат қаралып, құжаттар да нақтыланды. Біз тарапымыздан осы қоғамдық мониторинг барысында осы бағдарламаның орындалуы егжей-тегжейлі қаралады. Нәтижесінде кәріз желілерінің тозуы 71 пайызға төмендеуі керек)).

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы да инвестициялық бағдарламаның сапалы және мерзімінде орындалуын қатаң бақылайды.