Интернет игілігін ауылдағы ағайын да көретін болды

2021 жылы байланыс жүйесі тек 37 ауылға қосылған болатын. Биыл Түркістан облысы аумағындағы ауылдарды жоғары жылдамдықты байланыспен қамту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысы аумағындағы ауылдарды мобильді интернеттен бөлек, жоғары жылдамдықты байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері инвестор «NanoTech» ЖШС облыс көлемінде жалпы 70-ке жуық ауылдық елді мекен тұрғындарын ғаламторға қосты. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.

«Түркістан облысы аумағындағы 74 елдімекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Бұл мәселені шешуде Заңнамалық деңгейде өзгерістер қажет. Елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің міндеттілігі бүгінде ешқандай заңдармен және жарлықтармен көзделмеген», — деді Елнұр Рахымбердіұлы. Өткен жылы кең жолақты интернетке қосылу үшін 49 ауыл таңдалған, ал іс жүзінде тек 37 ауыл қосылды. Мұның бәрі ұялы байланыс операторларына байланысты. Биылғы жылы «Kcell» АҚ жоспарланған 124 ауылға кең жолақты интернетті тартуды ұсынды. Сонымен қатар, «Beeline» АҚ 40 елді мекенді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 5G мобильді интернет 2021 жылы желтоқсанда  республика аумағында алғашқы болып Түркістанда  өндірістік қолданысқа қосылды. Жоғары жылдамды мобильді интернет құрылғысы  әуежайдан бастап, әкімшілік іскерлік орталығы, Конгресс холл, стадион, рухани- мәдени орталығы, оның ішінде Керуен сарай кешенінде, Мавзолей, Экобазар және Риксос қонақ үйінде орнатылған. Бұл интернет 5 буыны өте жоғары жылдамдықта істейді, Цифрлық жоба  5G Түркістан облысында дамиды. Ол әзірге актив, кселл мобильді интернет арқылы, болашақта Теле-2, Билайн, барлық опеаторлар қосылады.

         2020 жылға дейін 850 адам тұратын Төлеби ауданының Балдыберек ауылында мобильді интернеттің сапасы өте төмен болатын. Сол себепті тұрғындар тарапынан шағымдар көп болды. Биыл Балдыберек ауылының тұрғындарында 4G мобильді интернеті пайда болды. Жоғарыда аталған мәселе 1000-нан астам халқы бар Келес ауданының Бозсу ауылында, сондай-ақ 1000-нан астам халқы бар Қазығұрт ауданының Жеңіс ауылында да туындады. Енді 250+ жобасы аясында барлық ауыл тұрғындарына кең жолақты интернет желісі жетті. Алдағы уақытта өзге де елді мекендер интернеттің игілігін көре алатын болады.

Ntime.kz