Кезекті рейд жүргізді

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында құқық қорғау органдарының тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылып жатыр. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

Қаратау АПБ Ювеналды полиция инспекторлары аудан аумағында орналасқан ойын клубтары, дәмхана мен мейрамханалар бойынша кезекті рейд жүргізді.

Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды тұтынудың алдын алу болып табылады.

Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері ҚР ӘҚтК-нің 442-бабы 2-бөлігі (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) бойынша 29 жасөспірім анықталды.

Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) 3 хаттама толтырылды.

Айта өтсек, тәртіп сақшылары дәмхана, дүкен иелеріне кәмелет жасына толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуға болмайтынын ескертіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.